|
Саумалкөл селосы
«Родничок» ясли-бақшасы
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Өнерлі өрге жүзер»
(сайыс сабақ)
Өткізген: Касымова А.Ж
2014жыл
Қатынас білім саласы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер» (сайыс сабағы)
Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар барысында ойлау қабілетін, ой өрісін, зейінін дамыту. Балаланың ойынға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, жаттығулар арқылы балалардың ақыл – ой белсенділігін дамытып, тапқырлыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, көрсету, дидактикалық ойындар.
Көрнекіліктер: Суреттер,жұмбақтар, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы: Музыка әуенімен балалар екі топ болып топқа кіреді.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар, тәрбиешілер келді. Келген қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүл ашылды
Біз әдепті қыздармыз!
Біз әдепті ұлдармыз!
Көк аспанда күн күлсің,
Бірге жүрсін бүлдіршін!
Қыз қолында гүл жүрсін!
Ұл қолында ту жүрсін!
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы күн қонақтар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! «Өнерлі өрге жүзер» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер . Сайысымызды бастамаз бұрын сайыскерлерімізбен танысайық.
1 топ: «Балапан» «Балапандай сарымыз,
Ұмтыламыз алға біз!»
2 топ: «Құлыншақ» «Құлыншақтай жүйрікпіз,
Өнерліміз бәріміз!»
Тәрбиеші: Балалар сендер сайыс кезінде өздеріңнің білімдерінді көрсетіп, ұпай жинау керексіңдер. Әр бір сайыс соңында жауаптарыңа бір шардан қорапшаларыңа түсіп отырады.
Сайысымыздың бірінші кезеңі «Бәйге» деп аталады.
Шарты: балаларға өтілген тақырыптардан сұрақтар қойылады. Балалар сұраққа толық жауап беру керек.
- Біз қандай Республикада тұрамыз?
- Елордамыз қандай қала?
- Біз қандай қалада тұрамыз?
- Бір жырда неше жыл мезгілі бар?
- Биыл бізге қандай жыл келді?
- Бір аптада неше күн бар?
- Отбасы мүшелерін ата?
- Дауысты дыбыстарды атаңдар?
«Бәйге» кезеңі бойынша әр бір дұрыс жауапқа бір шардан беріледі.
Ал балалар сендер дайын болсаңдар екінші сайысымыз «Маржан сөз» ( мақал – мәтел) сайысы.
Шарты: Әр топтың алдына суретті мақал – мәтел беріледі. Әр бір топтың жауабы тыңдалады. Жауабына қарай бағаланады да, дұрыс жауапқа бір шардан беріледі.
Есікті қаққан дыбыс естіледі. Топқа қолына әр түрлі шарлары бар Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін мен сіздердің балабақшаларыңызда өнерлі балалар өздерінің біілімдерін көрсетіп, жарысады деп естідім. Сондықтан да мені сендерге Білім ханшайымы жіберді, қараңдаршы менің қолымда шарлар бар. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, Білім ханшайымының сендерге жіберген сыйлығын беремін.
Тәрбиеші:.Сайқымазақ сіз біздің сабаққа келгеніңіз жақсы болды. Менің балаларым өте білімді. Біз сіздің де тапсырмаларыңызды дайындауға әзірміз. Балалар білімізді көрсетемізбе?
Балалар: Әрине көрсетеміз.
Сайқымазақ: Сайысымызды жалғастырайық.
Тәрбиеші: Үшінші кезең «Жұмбақ сағат»
Шарты: Оқылған жұмбақтардың жауабын табу. Әр бір дұрыс жауап бір шардан қоржынға түседі.
1. Жерді де мекен етеді,
Көлді де мекен етеді
Ол не?
2. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талтаңдап.
3. Орманда тұрады,
Өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу.
4. Кеудесі қайқандап, жүреді байпаңдап
5. Өрекшті жануар
Үстінде екі тауы бар.
6. Күндіз соқыр не деген?!
Түнде қандай көреген?!
7. Адамға серік күзетке берік
8. Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,
Қыста жатсаң – жанның рахат табады
Сайқымазақ: жақсы балалар өнерлі екендерің көрініп тұр. Әрі қарай жалғастырайық.
Тәрбиеші: Төртінші кезең « Суретті құрастыр »
Шарты: Қатысатын әр балаға қалташылар таратылады. Құрастырған суретін айтып береді. ТРИЗ сызбасы бойынша сипаттау. Мысалы, алма – ол жеміс, дәмі тәтті,түсі қызыл, сары, жасыл болады. Әр бір баланың жауабы тыңдалады. Жауабына қарай бағаланады.
Тәрбиеші: Балалар сендер шаршаған сияқтысыңдар. Барлығымыз тұрып бойымызды сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Бармақ болып жұмысқа
Қырға шықты құмырсқа.
Тоңып кетіп аяғы
Қырға қайтып шығады.
Ой-ой-ой,ой-ой-ой
Әне аю келеді
Құмырсқаны көреді
Енді қайтып құтылмақ,
Илеуіне тығылмақ.
Сақымазақ: Балалар бесінші кезең «Эмпатия» «Триз» кезеңің бастайық.
Шарты: Кезекпен әр топ басшыларының құлағына ( қоянның, бақаның, түлкінің, аюдың қимылын,ыммен, жүрісін,үнсіз көрсетіп бер деген белгі беріледі). Қарсыласы оның нені көрсеткенін табу керек. Дұрыс жауапқа әр топқа шар түседі.
Тәрбиеші: Келесі кезеңіміз «Кім жылдам?» деп аталады.
Шарты: Жаңылтпаштың басы айтылады, ал балалар оны аяқтауы керек.
Ян ян ян,
Жүгіреді қоян.
Ян ян ян,
Ол қоян емес шаян
Түйме маған шұбат берді
Шұбат маған қуат берді
Қай тай лақтай,
Қай лақ бармақтай.
Тебіншек ат – шегіншек,
Шегіншек ат – тебіншек
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Ақ шар бар, көк шар бар,
Көп шар бар, бес шар бар.
Сайқымазақ: Балалар сайысымыздың соңына да жетіп үлгердік. Ең соңғы жетінші кезең «Өлеңге әркімнің бар таласы...»
Шарты: еркін тақырыпта өлең айтып жарысу.
Тәрбиеші:Балалар қазір біз «Сөйлейтін сандар» деген ойын ойнайық.
Шарты: Әр топтан екі баладан тақта алдына шығып, араласып жатқан сандарды рет – ретімен қойып, құрылған сөздерді оқу.
Сайқымазақ: Балалар, міне біз сендермен Білім ханшайымының беріп жіберген тапсырмаларын орындап, өнерлі екенімізді көрсеттік.
Тәрбиеші: Ал, балалар біз бүгін сендермен өзіміздің дарынды, өнерлі екенімізді көрсеттік. Қазір қораптарымыздағы шарды санайық. Тамаша! Өте жақсы көрсеттіңдер сендер бүгін. Жинаған шарларыңныңда саны бірдей екен, өте өнерлі екенсіңдер.
Сайқыммазақ: Балалар, сендерге Білім ханшайымы берген сыйлықтарды міне мен табыс етейін. Ал мен қайтайын. Сауболыңыздар.
Барлығы шеңберге тұрады:
Кел, балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау – саламат болайық!
|