Сабақтың тақырыбы: «Ана-біздің күніміз,
Біз-ананың гүліміз»
Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың жүрегіне «Ана» деген есімді мәңгіге ұялатып,
олардың қадір-қасиетін түсіндіру.
2. Өлең, тақпақ, көрініс, би билеу арқылы ой-өрістерін, тілдерін
дамыту.
3. Балаларды аналарын сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: қасиетті сөздер, шарлар, буклеттер, гүлдер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз:
Мұғалім: Құрметті аналар, әжелер сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Сіздерге денсаулық, ұзақ өмір, балаларыңыздың қызығын
көрулеріңізге тілектеспін. Сіздерге арналған «Ана-біздің күніміз,
Біз- ананың гүліміз.» атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
1913 жылы 8наурызда Санкт-Петербургте тұңғыш рет халық-
аралық әйелдер күні атап өтіледі. Содан бері жыл сайын біздің елімізде
осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Міне, аналар мейрамы біздің
сыныпта да аталып өтілгелі отыр. Халқымызда «жан қысылса, жақынын
табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар
сөз «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салады.
Ана-барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында
көтеріп , оған өмір береді , өз өмірінде соған арнайды.
Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап
жіберейік:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн бол жаасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймыз, анашым.
ІІІ. Оқушылардың сіздерге арнаған концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар:
1-оқушы: Өнерлі боп өсеміз,
Өмір сырын шешеміз.
Өсіріп ой-сананы,
Қуантамыз ананы.
2-оқушы: Аялаған анамыз,
Саялаған панамыз.
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз.
3-оқушы: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Ән: «Айналайын ақ мамам»
Көрініс: «Қожанасыр мен оқытушы»
4-оқушы: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаған,
Аман болшы, анашым.
5-оқушы: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат анам, пәк анам.
Сен керексің қайда да,
Айналайын, ақ анам.
6-оқушы: Жүре берші қасымда,
Әйбат анам, ай анам.
Ботам деген даусыңнан,
Мен мәз боп оянам.
Би: «Сұр көжек»
Ән: «Дос жыры»
7-оқушы: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
8-оқушы: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Көктем вальсі»
Көрініс: «Сатушы мен Қожанасыр»
Ойын: «Жылы сөз айту»
Шарты: Гүлдер қойып, сол гүлдерді жинай , анасына жылы сөздер айтып, жету.
9-оқушы: Қадірлі анашым,
Аялар баласын.
Төрт бөлген ұйқысын,
Жас сәби бала үшін.
10-оқушы: Жақсылық тілеген,
Анашым-данасың.
Осынау дүниеде,
Біз үшін дарасың.
11-оқушы: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені
Құлыншағым, күнім дейтін.
Би: «Қазақ биі»
Ойын: «Өз суретінді тап»
Шарты: Әр бала өз анасының суретін салу, сол суреттерді тақтаға іліп,
аналары өз суретін табу.
12-оқушы: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып, білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
13-оқушы: Ақ халатты аяулым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласың,
Айналайын, анашым.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Аналары мен қыздарға сыйлықтарын тарату.
Көрініс: «Ақ бауырсақ»
ІҮ. Қорытындылау:
Мұғалім: «Ана» деген ұлы есім. Оны толқымай, тебіренбей айта алмаймыз.
Сондықтан да барлық уақытта анамызда сыйлап, құрметтейік,
балалар!
Мерекелеріңіз құтты болсын. Осымен мерекелік тәрбие
сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет.
