Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Златогорская орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасымова Айгүл Оразбайқызы
Халықаралық PISA – 2015 шеңберіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тақырыбындағы сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сіздер тісті қалай тазалайсыздар
Мақсаты: Тісті дұрыс тазалауды үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Тазалыққа баулу
Әдіс –тәсілі: сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс, кластер құрастыру, ойлану, ой бөлісу
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: топқа бөлу суреттері, интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаз, маркер, стикер.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір- біріне жылы сөздер, тілек айтады.
2. Сыныпты топқа бөлу.
I топ: мәсуек суреті
II топ: тіс пастасы суреті
II топ: мәсуек пен тіс пастасы суреті
2. - Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауабы.
- Бүгінгі сабақ тіс туралы.
- Тіс тазалау туралы
- Тіс пастасы мен мәсуек туралы.(1- слайд)
II.Негізгі кезең
1.«Ойлан – жұптас- бөліс» сратегиясы.(2- слайд)
1.Балалар мәтінді оқып, орыс тіліне аударады. (Әр оқушы мәтінмен танысып, қасындағы оқушымен ой бөліседі,содан кейін топпен ой бөліседі -5 минут)
Оқушылардың жауаптары тексеріледі.
2.«Карусель» сратегиясы
Тапсырма:
- Мәтінді оқыңыз.
- Тіс тазалаудың ретін жазыңыздар немесе кластер құрастырыңыздар
Сұрақтарға жауап беріңіздер
Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?
Бенте Хансен кеңес бергендей, неге тілді де тазалау керек?
Үлестірмелі қағаздарға түсінгендеріңді жазыңдар. Жауап бергеннен соң, келесі топқа жауаптарын тексеруге береді,әр топ басқа топқа өз пікірлерін жазады , жауаптарын толықтырады, соңында жауап қағаздары өз топтарына келеді(10 минут беріледі 3 –слайд)
Әр топ жауаптарын қорғайды
Мәтін.
Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар
Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма?
Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың көптеген әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі митуттық тазалау ең жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың қалдықтары мен тіс қонуларынан артыла алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке зақым келтіруге болады.
Тіс тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс», - дейді. Ол: «Бір жағынан бастасаңыздар да, тістің бүкіл қатары бойы мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңіздерді де тазалауды ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін».
«Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар» - бұл норвегиялық журналдан алынған мақала.
Жауап үлгілері
- Артық күш салмау 1.бактериялардан құтылу үшін
- Мәсуекті дұрыс ұстау 2.Тілде бактериялар болуы мүмкін
- Ауызды шаю 3.бактериялар
- Екі минут тазалау 4.жаман иіс (бактериялардан болады)
- Тілді де тазалау 5Бактерияларды жою
III Сергіту кезеңі
«Буриме» сратегиясы. Өлең жолдарын толықтырып, аяқтау
---------------- қараймын, (Айнаға)
----------------- тараймын. (Шашымды)
----------------- алып,(Мәсуегімді қолға)
----------------- тазалаймын.(тісті)
IV. Рефлексия
Бүгінгі сабақ не туралы болды?
- Тісті дұрыс тазалау туралы.
- Тісті не үшін тазалаймыз?
- Жауап.
- Тіс тазаудың маңыздылығын сездіңіздер ме?
- Жауап.
- Мәтін арқылы біз не үйрендік?
- Жауап.
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма:
Тапсырмалар
- Мәтінді әңгімелеу.
- Мәтін бойынша диалог құру
- Тіс тазалау маманы Бенте Хансеннің пікіріне келісесіңіздер ме, өз ойларыңызды айтыңыздар
