1 сынып
Әліппе
Өткізген: Мырзахметова Таңсұлу Дәулетқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қош бол,құтты Әліппем!»(Ө.Тұрманжанов)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеміз,дұрыс оқуды жетілдіреміз.
Дамытушылық: сөздік,тілдік қорларымызды молайтамыз,ой-өріс пен шығармашылыққабілеттерімізді дамытамыз.
Тәрбиелік: адамгершілікке,ұйымшылдыққа үйренеміз.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,карточкалар,оқулық «Әліппе»,дәптер.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап,оқулықпен жұмыс,мәнерлеп оқу,іздендіру,грамматикалық тапсырмалар.
Сабақтың ұраны:
Бір-бірімізді қайталамай,толықтырып,өзгертіп айтамыз.Әрқайсымыз қатысуға ынталанымыз.Бір-бірімізді тыңдаймыз.Тақырыптық байланыста еркін сөйлейміз».
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру сәті
2.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Өткенді пысықтау
4.Жаңа сабақ.
а).Тапсырма ( ой-қозғау).
ә).Жазушы Өтебай Тұрманжановпен таныстыру.
б).Өлеңді мәнерлеп оқу
5.Оқулықпен жұмыс.
6.Грамматикалық тапсырма (тірек сөздермен сөйлемдер құрап,тақтаға жаздырту.)
7.Сергіту сәті.
8.Грамматикалық тапсырма (Қай әріпті жоғалттым?)
9.Карточкамен жұмыс.
10.Жаңа сабақты қорыту.
11.Бағалау
Сабақтың барысы: (Слайд №1)
1.Ұйымдастыру сәті
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?
Оқушылар:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2.Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру
Мұғалім:
-Балалар,қазір ӘЛІППЕ сабағы.Мен сабағымызға сәттілік тілеймін.Бүгінгі сабағымызда Өтебай Тұрманжановтың »Қош бол,құтты Әліппем!»
деген өлеңімен танысамыз.(Слайд №2)
Осы сабақта өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеміз,(Слайд №3)дұрыс оқуды жетілдіреміз.Сөздік,тілдік қорларымыздымолайтамыз,ой-өріс пен шығармашылық қабілеттерімізді дамытамыз.Адамгершілікке,ұйымшылдыққа үйренеміз.
3.Өткенді пысықтау.
Мұғалім:
-Біздің сабағымызға қонаққа Аяз Ата келіпті (Слайд №4),ол атамыздың бізге арнаған тапсырмалары екен,сол тапсырмаларын дұрыс орындасақ,біз
« Жаңа Жылды» жақсы қарсы алып,көптеген сыйлықтарға ие боламыз.
АЯЗ Атаның бірінші тапсырмасын орындайық.
-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар:
-С.Сейфулиннің «Балалар»өлеңін жатқа айту.(6-7 оқушы )
4.Жаңа сабақ.
а).Тапсырма –ой қозғау.
-Ендеше,Аяз Атаның екінші тапсырмасына назар аударайық.Балалар,мектепке ең алғашқы қолдарыңа қандай кітап ұстадыңдар?
Оқушылар:
-Ол»ӘЛІППЕ»кітабы -деп жауап береді. (Слайд№5)
-Әліппеден нені үйрендік?
Оқушылар:
-Оқуды,жазуды үйрендік.Әріптермен таныстық.
Мұғалім:
-Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Оқушылар
-42әріп бар.
Мұғалім:
-Әліпби қай әріптен басталып,қай әріптен аяқталады?
Оқушылар
-«А» –дан басталып, «Я»әріпінен аяқталады.
Мұғалім :
ә)-Бүгін енді Әліппе кітабынан Ө.Тұрманжановтың «Қош бол,құтты ӘЛІППЕМ!»өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік (Слайд№6)
-Ө.Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстаноблысы,Бөген ауданы,Жалғызағаш ауданында туған.Ө.Тұрманжанов өлеңдерінің көбі балалар,сендерге арнап жазылған.Қазақтың мақал-мәтелдері,ертегілер,өтірік өлеңдер,төрт түлік малдарға,салт-дәстүрлерге арнап жазды.
б)Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. (Слайд№7-8)
в)Шығарманың сараптамасы
Мұғалім:
-Өлеңде не туралы айтылған?
Оқушылар:
-Әліппе туралы айтылған.
Мұғалім :
-Әліппеден нені үйрендік?
Оқушылар:
-Әріптерді үйрендік.
Мұғалім:
-Әліппе қандай оқулық екен?
Оқушылар:
-Әліппе құтты оқулық екен.Аяулы анамыздай қатемізді кешіреді екен.
5. Оқулықпен жұмыс
-Оқушыларға тізбектей оқыту
6.Аяз Атаның үшінші тапсырмасына назар аударайық.
Грамматикалық тапсырма (тірек сөздермен сөйлемдер құрап,тақтаға жаздырту.) (Слайд №9,10,11)
Әліппе,алғыс,кітап.
7. Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық
Кәне қанат жазайық!
Қарлығаш боп ұшайық!
Ұшып-ұшып алайық!
8. Аяз Атаның төртінші тапсырмасына назар аударайық. (Слайд №12)
Грамматикалық тапсырма -»Қай әріпті жоғалттым?»
Әліп...е,Аст...на,от...асы,оқ...шы,б...лім,к...тап.
9. Аяз Атаның бесінші тапсырмасына назар аударайық.Мақал-мәтелдермен жұмыс:(карточкамен жұмыс) (Слайд №13)
Күш-... .(білімде)
Білім-... .(кітапта)
Кітап-... ...(білім бұлағы)
Білім-... ...(өмір шырағы)
Білекті-... ...(бірді жығады)
Білімді-... ...(мыңды жығады)
Ақыл-... ... (тозбайтын тон)
Білім-... ...(таусылмайтын кен)
Оқусыз-... ...(білім жоқ)
Білімсіз-... ...(күнің жоқ)
10. Жаңа сабақты қорыту
Мұғалім:
-Балалар,бүгін сабақта қандай жазушымен таныстық?
Оқушылар:
-Жазушы Ө.Тұрманжановпен таныстық?
Мұғалім:
-Жазушының қандай өлеңін оқыдық?
Оқушылар:
-«Қош бол,құтты Әліппем!»
Мұғалім:
-Өлеңде не туралы айтылған?
Оқушылар:
-Өлеңде Әліппенің пайдалы оқулық екенін үйрендік,әріптермен таныстық,жазуға үйрендік.
Мұғалім:
-Балалар,«Әліппе» сөзін сендер қардай ерекше ұғымдармен байланыстыра аласыңдар?
Оқушылар:
-Отан,Ана,Назарбаев,Астана,туған жер,Атамекен,отбасы....
Мұғалім:
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Оқушылар:
-Ұнады.
-Мұғалім:
-Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Оқушылар:
-Біз бүгін өлеңді оқыдық,тақтада сөйлемдер жаздық,мақалдар айттық,Әліппенің пайдасын білдік.
Мұғалім:
Ендеше ,балалар,көп білім алдық.Енді Әліппе туралы әрқайсымыз өз ойымызды эссе түрінде білдірейік.
Мәтін үлгілерінен мысал:
Аяулым менің,әліппем,
Таныстырған әріппен.
Анамдай болған,Әліппем!
Қатемізді кешірген... .
Ә.Сүйікті менің ӘЛІППЕМ
Бірінші рет алып ем,
Әріптермен танысып,
Жазу жазып үйренем... .
11.Бағалау
-Балалар,сендер Аяз атаға ұнадыңдар,білімді екенсіңдер.Аяз Ата сендерге көп-көп сыйлық тарту етеді.(Слайд №14).
