Ақыл – ойы кем балаларды түзетудің әдістері
КГУ «Кабинет психолого – педагогической коррекции Айыртауского района Северо- Казахстанской области»
Аскар Мактагуль Таутанкызы- социальный педагог
Ақыл ойы кемістігінің терең түріндегі балалар мен педагогикалық жұмыс атқару негізінде жалпы дидактикалық сияқты,арнайы қағидалар да жатыр.Оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, қолайлылық,жеке шаралар сияқты жалпы дидактикалық осындай қағидалар өте маңызды мәнге ие.Осындай балалармен жұмыс жасаудағы жалпы дидактикалық қағидалар арнайы педагогикада қолданылады.Бұл түзете – дамыта оқыту қағидасы мен тәжірибелік бағытта оқыту қағидасы.Алайда, мұндай балалармен жұмыс жасаудағы жағымды нәтижелер басқа да факторлар қатарына байланысты болып келеді. Алдымен,оқыту сабақтары оқушыларды қаншалықты қоғамдағы мінез – құлық дағдысына бейімдеуі және белсенділіктерін дамыту сана – сезімінің тұрақты деңгейі болуы үлкен мәнге ие.Сонымен қатар осындай оқу ұйымдарының болуы өте қажет.Мұның бәрі оқушылармен екі ерекше қағида бойынша жұмыс жасау жүйесін жүргізу қажеттілігін білдіреді.Ақыл – ойы терең зақымдалған әлеуметтендіру жайлы сұрақтар шешімін ескере отырып дидактикалық қағидалар сипатына тоқталайық.Осындай балалармен жұмыс жасаудың басты қағидасы- оқытудың тәрбиелеуші сипаты оқыту процесінде балаларды тәртіпті болуға , мінез – құлқы тұрақты болуға, оқудағы және тұрмыстағы жағыдайларға дұрыс реакция беруіне үйрету қажет.Осы сияқты мінез – құлық ережелері мұндай балалар үшін әдетке айналуы керек.
Баланың жағымды тұлғалық сапасын қалыптастыруда еңбекке баулу ерекше мәнге ие.
Ақыл – ойы терең зақымдалған балалармен жұмыс жасаудың маңызды қағидалары оқытудың тәжірибелік бағыттылығының қағидасы болып табылады.Практикалық интеллектілігі ие күрделі ақыл – ойы бұзылған балалар қажет жолдары іздейтіні, еңбек құралдарын қолдануға беім екені бізге мәлім.Осындай тәжірибелік интеллект өзіндік психологиялық табиғаты бойынша моторлы қасиеттері сияқты , теориялық интеллектінен де ерекшеленеді.
Ақыл – ойы терең зақымдалған оқушыларды оқыту мазмұны кіші жастағы оқыту кезеңінде заттық – тәжірибелік әрекет жасау жолында ғана бұл балалардың сөйлеу тілін , олардың ойларындағы жетіспеушіліктерді түзетіп, жағымды тұлғалық сапаларын қалыптастыруға, дамытуға болады.Балаларды жазуға, оқуға, математикаға оқыту олардың танымдық әрекеттерін дамыту үшін үлкен мәнге ие.
Балаларды оқытудың тағы бір қағидасы әлеуметтік байланыстарды кеңейту қағидасы болып табылады.
Ақыл – ойы терең зақымданған балалар мінез – құлықтың жалпы қабылданған нормасын меңгеруге, қарым – қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі.Мұндай балалардың әлеуметтік байланыстарын кеңейту үшін олармен түзете тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу керек.Әлеуметтік бейімдеуге арналған сабақтар сынып сағаттары және экскурсия түрінде өткізіледі.Арнайы оқиғалалармен құралған сабақтар көмегімен балалар қажет тұрмыстық дағыдыларға үйретіліп, мінез – құлықтың жалпы қабылданған нормасын меңгереді.Бұл үшін сюжеттік – рольдік ойындар қолданылады.Мысалы: «Автобус», «Почтада», «Дүкенде», және т.б.Балалардың адекватты мінез – құлқын қалыптастыра отырып, оларға ұзақ әңгіме айтуға болмайды, өйткені балалар түсінбей қалуы мүмкін.Бұл кезде еліктеу қабілетін оқушылар үшін толығымен қолдану керек.Үздіксіз жаттығулар жолымен ғана балалардың жағымды әрекеттері пайда болады.Әлеуметтік байланыстарды кеңейту қағидасын шынайыландыру балалардың сөйлеу тілін дамытумен де жүзеге асады. Жаңа сөздердің өз - өзінен олардың белсенді сөз қорын жақсартуға апармайтыны бізге белгілі.Қажет сөздерді және немесе күрделі емес фразаларды меңгере отырып, балалар оны қолданбайды.Бұл балалардың пассивтілігімен , қоршаған ортаға әлсіз қызығушылықтың жоқтығымен байланысты.Балалардың сөйлеу тілін жүзеге асыру үшін олар бір нәрсені сұрауы немесе өтінуі кезеңде, белгілі бір сұрақтарды қойған кезде ұтымды пайдаланып қалу керек.
Ақыл – ойы терең зақымдалған балаларды түзете – дамыта оқыту мүмкіндіктеріне кеңірек тоқтала кетейік.Көп жағыдайда мұндай балалармен жұмыс жасауға негізінде шартты рефлекстер жатқан жаттығулар сәйкес келеді.
Жоғары сыныптағы жасөспірімдер өздерінің еңбек ету әрекеттерін жағымды жағымды бағалайды, олардың өздерін бағалауы көп жағыдайда мұғалім айтқан мәліметтермен сәйкес келеді.Олар орындаған жұмыс сапасына қатты көңіл бөледі.Тапсырманы нашар орындаса ренжиді, жасаған ісі әдемі , дұрыс шыққанда оны мұғалімге көрсетуге тырысады.Мақтау айтқанды тіптен жақсы көреді.Олар еңбектің әлеуметтік мәні туралы белгілі түсінікке ие,еңбек әрекетіне қатысу қажеттілігін сезінеді.Мұның бәрі бұл балалардың тұлғалық өсуін білдіреді.
Сөз оқыту қолайлылығы қағидасы туралы: Бұл қағида оқушыларда пайда болған қиындықтарды бөлуді ұсынады.Ақыл – ойы терең бұзылған балаларға қарым – қатынас бойынша осы қағиданы қолдану өте күрделі іс,сондай – ақ олардың даму мүмкіндіктері шектеулі.Мұның қорытындысында көптеген педагогтарда оқушының танымдық қабілеттер деңгейіне ие болу жағыдайын ескеріп, оны оқу материалына бейімдеу керек деген тенденция туғызады.Оқыту мынадай бейнеде болуы тиіс, яғни, балалар белгілі қиындықтардан өтіп, олардан талап етілген жұмыстарды атқаруға тиісті.
Бұл балаларды оқыту тәжірибесі көрсеткендей , ауызша сөйлеу тіліне , еркін еңбек етуге, тұрмыстық бағдарға үйрету жоғары деңгейдегі қиыншылықтармен өтеді.
Осы қағиданы жүзеге асырудың маңызды жағыдайы ауытқуы бар балаларды педагогикалық зерттеу болып табылады.Балалар өздеріне сәйкес белгілі бір білімді алуы үшін олардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасау қағидасы жүзеге асады.
Түрлі клиникалық топтағы балаларды Даун синдромындағы, фенилкетонуриямен ауыратын балаларды зерттеу кезінде эмоциалды – ерікті сферасымен , маторикасымен, өзінділік сөйлеу тіл әрекетімен олардың арасында белгілі айырмашылықтар анықталды.Мысалы Даун синдромы бар балаларда басқа балалармен салыстырғанда енжар сөз қорымен белсенді сөз қоры арасында алшақтық, байланыстырып сөйлеу тілінде бұзылыстар қатты байқалады.
Балалардың қозғалыс сферасында да бұзылыстар түрліше байқалады.Даун синдромы бар балаларда ақыл – ойы терең зақымдалған балаларға қарағанда үлкен деңгейде қол саусақтарының ұсақ маторикасының бұзылуы болады.,бұны еңбекке үйрету кезінде ескеру қажет.Түрлі клиникалық топтағы балалардың типологиялық ерекшеліктері есебі жеке амал қағидасын толық жүзеге асыруға көмектеседі. Педагог әр балаламен жеке жұмыс жасап , әр балаланың жұмыс жасау жылдамдығын,тұрақтылығын,шыдамдылығын, назарын ескеруі қажет.
Ақыл – ойы терең зақымдалған балаларды нақты заттармен және көрнекіліктермен тәжірибелік әрекет жасау қағидасынан құрылуы қажет.Көрнекіліктермен жұмыс жасау оқушылардың еңбекке дайындау процесінде жетекші орынға ие.Бұл балалардың реттеуші функциясының жетіспеушілігі өте үлкен.Еңбек сабағында мұғалім тапсырманы орындау тәсілдерін көрсетіп, педагогпен бірге балалар оны бірнеше рет қайталайды, қорытындысында күрлелі емес еңбек дағдысы өндірілуі қажет.Көрнекі құралдар оқушыларды әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлауға үйрету кезіндегі ең маңыздысы болып табылады.Экскурсия, сьюжеттік – рөлдік ойындарды өткізу кезінде педагог оқушыларды қоршаған ортадағы көрністермен, заттармен таныстыруға тырысады.
Көрнекіліктің түрлі құралы сөйлеу тілін дамыту сабағында да қолданылыды.Бұл кезде балаларға ұсынылған көрнекілік материал жеке бөлшектерден аулақ болғаны жөн.Егер, мысалы суреттен көптеген заттар мен кейіпкерлер болмауы керек, бұл қарсы нәтиже тудырады, ақыл – ойы кем бала ең басты жағыдайды түсінбей қалады.Барлық артық нәрселерді жауып, алып тастау керек.
Сонымен, санау операцияларымен балалар математика сабағында танысады, кейінерік бұлар еңбекке баулу және әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабақтарында бекітіледі.
Оқыту – тәрбиелеу процесі осындай тәрбиелік бағытта жұмыс жасаумен шынайылынып, нақтыланады.
