Сабақтың атауы | Мақсаты | Күтілетін нәтиже | Модульдар мен әдіс-тәсілдер | Негізгі дерек көздер |
Сын есім. Дара және күрлелі сын есім | Дара және күрделі сын есімнің негізгі белгілерін анықтайды, сан есімдердің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игеруі тиіс .
| Сын есімнің түрлерін ажырата біледі. Өз ойын айтуға үйренді, тұжырымдай біледі, топта қарым -қатынас жасай біледі. | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Ақпараттық-коммуникациялық технология | Суреттер,үлестірмелер, оқулық, бағдаршам көздері, текше, сұрақтары үлестірілген қалташықтар.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі | Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды, Қайырлы күн ! Біз көңілді баламыз Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз | Ынтымақтастық атмосферасы арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. | Тренинг жасап, сабаққа назарын аударады. |
Топқа бөлу | Өлең жолдарының сөздері арқылы топқа бөлінеді. Мысалы: Ай-(1бала) мүйізді-(2 бала) шоқпардай-(3 бала), Шүйделері-(4 бала) тоқпақтай-(5 бала).- 1-ші топ.
| Өлең шумақтары бойынша балаларды топтастырып отырғызу. | Өлең шумақтары бойынша топтасып отырады. |
Үй тапсырмасын тексеру | 2-жаттығу. Әр топ екі жолдан бөліп алып, талдау жүгізеді. | Кеспе қағаздағы тапсырмаларды үлестіріп, бақылайды. | Бірлесе тапсырманы орындап, топ алдында қорғайды. |
Жаңа сабақ: Ой қозғау | Үш топқа ватманға сөздер жазып беру, сол сөздерді екі бағанға бөліп, қортынды жасату. Тапсырма: қызыл, ақ, қызыл ала, ақ ала, көк, қара көк. | Оқушыларға тапсырманың орындалу ретінтүсіндіреді. | Сөздерді дара және күрделі бағандарына бөліп жазып, қортынды ереже шығарады. Тапсырманың нәтижесінде шығатын ереже:Дара сын есім бір сөзден жасалады . Күрделі сын есім екі немесе одан да көп сөзден жасалады . |
Оқулықпен жұмыс: | Жалпы топпен 1-жаттығуды ауызша орындайды. Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыру. | Жауап күтетін баланың орындығына стикер жапсырады. Тапсырманың орындалуын қадағалайды. | Орындығында стикері бар бала жауап береді. |
Жеке жұмыс: | 2-жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді тауып, оларды салыстыру. | Оқулықтан тапсырма береді. | Сын есімдерді тауып, өзгешеліктерін айтады. |
Бой сергіту: | Көңілді әуен арқылы жаттығулар жасату. | Қимыл қозғалыстарын көрсетеді. | Қимыл қозғалысты қайталайды. |
Жұппен жұмыс: | Жұппен отырған оқушылардың біреуі дара сын есіммен сөйлем құрастырса, көршісі оны күрделіге айналдырып, сөйлем құрайды. Мысалы: 1. Мен биік үйде тұрамын. 2. Мектеп ауласында өте биік ағаш өсіп тұр. | Мұғалім сырттай бақылайды. | Өз жұбымен пікірлесе отыра, жұмыс жасайды. |
Шығармашылық тапсырма: | Үш топқа бағдаршам көздерін тарату 1 топ-Қызыл көзі: Құрамында күрделі сын есімі бар 5 жол өлең құрастыру. 2 топ- Сары көзі: Құрамында күрделі сын есімі бар жұмбақ құрастыру. 3 топ- Жасыл көзі: Дара сын есімі бар өтірік өлең құрастыру. | Әр топқа тапсырмаларды түсіндіріп, бағдаршам түстерін үлестіреді.
| Тапсырма дайын болған кезде топтар бағдаршам көздері арқылы белгі беріп, жұмыстарын қорғайды. |
Қорытынды бөлім: | «Кубизм» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша қалташықтағы сұрақтарды алып, жауап береді. | Кезекпен оқушыларды шығарып, текше лақтырту. | Текшенің түскен санына байланысты қалташықтан сұрақтар алып, жауап беру. |
Үйге тапсырма: | 1-топ: 3-жаттығу. 2-топ: 4-жаттығу. 3-топ: 5-жаттығу.130-бет ереже жаттау. | -Күнделікті енді ашайық, Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді, Ұмытпай есте сақтайық. | Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. |
Рефлексия | «Не ұнады? Не ұнамады?» | Стикерлер тарату | Сабақтан алған әсерлерін жазады. |
Бағалау | Смайлдар арқылы жұптасып бағалау. | Смайлдарға сүйене отырып, қортынды баға шығару. | Бір-бірі, өзара бағалайды. |
