Вторник, 03.11.2026, 01:03
Приветствую Вас Заглянул | RSS

Официальный сайт СШГ№2 Xclass.tk

Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Как вам новый дизайн?
Всего ответов: 231
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Шағапова Дамеш Макенқызы Сабақтың тақырыбы: Жаркент.

Сабақтың тақырыбы: Жаркент.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Күрделі сөздердің ұғымын білу. Күрделі сөздердің жасалу жолдарын қайталау. Қазақстанның көне қалаларының бірі, Жаркент туралы білім алу.
Дамытушылық:
Оқу, аудару, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тілін дамыту. Сөздік қорын молайту. Тәрбиелік:
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Қазақстанның көне және қазіргі тарихын білуге баулу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдары: оқулық, карточкалар, карта, тест сауалдары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
 - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні?- Ауа райы қандай?
ІІ. Өтілген тақырыпты пысықтау.
Мұғалім сабақтың мақсатын айтады. Оқушыларды ІІ топқа бөледі. «Кім білгір?» ойыны. Карточкалардың сұрақтарына жауап беру (топтар кезекпен сұрақтарға жауап береді).
1.    Күрделі сөз деген не?
2.    Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай неше түрге бөлінеді?
3.    Біріккен сөздерге мысал келтіріп, жасалу жолын түсіндір.
4.    Қос сөздерге мысал келтіріп, жасалу жолын түсіндір.
5.    Қысқарған сөздерге мысал келтіріп, жасалу жолын түсіндір.
6.    «Күн тәртібі», «он бір» – сөз тіркестерін күрделі сөздерге жатқызуға болады ма? Түсіндір.
7.    «Қазақстанның жері» тіркесін күрделі сөздерге жатқызуға болады ма?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп жатқан кезде 2 оқушы тақтаға жұмыс жасайды:
І топ – «Отырар» мәтіні бойынша кластер жасау (магниттік тақтаға).
ІІ топ – 5 жолды өлең жазу («Отырар» тақырыбы бойынша).
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, «Жаркент» сөзін шығарады.
Мұғалім оқушылардың жаупатарына қорытынды жасап, сабақтың тақырыбын тақтаға жазады: Жаркент.
ІІІ. Жаңа тақырып
Мұғалім: Жаркент (қаланың картада орналасқан жерін көрсетеді) – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында Оңтүстік Қазақстанда орналасқан қала. Ерте заманда Монғол жерінен Қытайдан шыққан керуендер Жаркент арқылы Орта Азияға, Батыс елдеріне сапар шеккен. Жаркент қаласы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
1.Мәтінмен жұмыс: 72-бет – 73-бет.
1.    Оқу, аудару.
2.    Меңгерілетін сөздерді жазу: (тақтаға жазу)
Қоныс тепкен – расположен
Сапар шеккен – совершали поездки
өкім – решение
кеден – таможня
өлкетану мұражайы – краеведческий музей
салықтар – налоги
шектеу – ограничить
тасымал – перевозка.
2.Топпен жұмыс: (карточкалар тарату).
№1, №2, сұрақ-жауап.
Сол уақытта тақтада тапсырмалар орындалады:
І топтан 1 оқушы №3 карточка:
«Қазақстан» сөзіне фонологиялық талдау жасау.
ІІ топтан 1 оқушы №4 карточка:
«Жаркент» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
3.№1, №2 карточкаларды тексеру.
№1 карточка
Оқулықпен жұмыс: 74 бет, 4.7.5 тапсырманы орындау:
3 сөйлемді сұраулы түрінде жазу.
№2 карточка
Оқулықпен жұмыс: 74 бет, 4.7.6 тапсырманы орындау:
3 сұраққа жауап беру.
4.№5, №6 карточкаларды орындау:
№5 карточка
«Жаркент» сөзін септеу.
№6 карточка
«Қала» сөзін тәуелдеу.
Топпен жұмыс:
І топ.  №7 карточка:
Өлкетану, қарым-қатынас, Жібек жолы – құрамына қарай қандай сөздер?
Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
 ІІ топ. №8 карточка:
Қазақстан, егіншілік, экономикалық – сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
5. Тест сұрақтарымен жұмыс:
1 нұсқа:
1. Қосарлану арқылы жасалған сөз:
а. қара торы, ә. ата-ана, б. мая-мая
2. Біріккен сөз:
а. өнеркәсіп, ә. жазып отыр, б. аз-аздап
3. Қысқарған сөз:
а. ТМД , ә. кент, б. ту
4. Қос сөз:
а. өзін-өзі, ә. жер асты, б. кәрі ағаш
5. Күрделі сөз:
а. көлдер, ә. бүгін, б. байлық
     2 нұсқа:
    1. Біріккен сөз:
     а. қолғап, ә. деректер, б. жер байлықтары
    2. Қос сөз:
    а. күн тәртібі, ә. бала-шаға, б. кемеңгер
    3. Қысқарған сөз:
    а. БҰҰ, ә. қыс, б. бара-бара
    4. Күрделі сөз:
    а. дәріхана, ә. Түркістан, б. Алатау
    5. Қайталану арқылы жасалған сөз:
    а. жаңа-жаңа, ә. тарс-тұрс, б. ата-баба
IV. Үйге тапсырма: 72 б.-73 б. «Жаркент» мәтінін әңгімелеу. Кластер жасау.
V. Бекіту. Баға қою.
 - Нені білдік?
 - Жаркент – Қазақстанның көне қаласы. Ол оңтүстікте орналасқан. Қазақстанның көне және қазіргі тарихында ерекше орны бар қала.

Форма входа
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2026  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей

Copyright MyCorp © 2026