Вторник, 03.11.2026, 05:36
Приветствую Вас Заглянул | RSS

Официальный сайт СШГ№2 Xclass.tk

Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Как вам новый дизайн?
Всего ответов: 231
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов. «Көктем әуендері»

Сабақтың тақырыбы:   Т. Айбергенов. «Көктем әуендері»

Сабақтың мақсаты: Төлеген Айбергеновтың шығармашылығы туралы мағлұмат алады. Өлең мазмұнын түсінеді, мәнерлеп оқиды, көктем туралы әңгімелейді.

1.                Білімдік. Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, білімдерін пысықтайды, сауатты сөйлеуге дағдыланады.

2.                Дамытушылық. Ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды,  сөйлеу, оқу мәнері, іздемпаздық қасиеттері жетіледі. Сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдыланады.

3.                Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, аялауға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: Білім дағдыларын қолдану.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, түсіну, өлеңді талдау,  деңгейлік тапсырмалар, ассоциация.

Көрнекі құралдар: суретті сөздік, көктем портреті, теледидар, бейнетаспа.              

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, ән сабағы.

Сабақтың барысы:

I.                              Ұйымдастыру кезеңі.

1.                Сәлемдесу, түгендеу.

2.                Тіл дамыту сұрақтары:

а) қазір қай сабақ?

ә) әдебиет сабағында біз не істейміз?

б)әдебиет дегеніміз не?

в) әдебиет неше салаға бөлінеді?

г)  неге халық ауыз әдебиеті дейміз?

ғ) қандай түрлерін білеміз?

д) Жазба әдебиеті дегеніміз не?

II. Үй жұмысын тексеру:

1. а) Мұқағали Мақатаев кім?

   ә) Ол қай жылы дүниеге келді?

   б) қандай өлеңдерін білеміз? т.б.

2. «Үш бақытым» өлеңін жатқа айту.

    «Менің  Отаным  - Қазақстан» атты мәтінді оқу (үйде шағын мәтін құрап, дәптерге жазып келеді)

III. Жаңа сабақ:

Оқушыларға Төлеген Айбергенов өмірінен қысқаша мәлімет беру. Оқушылардың көңілін  теледидарға аудару. Бүгінгі сабағымыз  көктем туралы болғандықтан теледидардан үзінді  көреміз. Сұрақ-жауап:

а) Теледидардан жылдың қай мезгілін көрдіңіздер?

ә) Қыстан кейін қандай өзгерістерді байқадыңдар?

б) Ең бірінші қандай гүл гүлдейді?

1. Жаңа сөздермен жұмыс (суретті сөздік)

        2. Өлеңді мәнерлеп мүғалім оқиды.

3.                2-3 оқушы мәнерлеп оқиды.

        а) өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

        ә) аспанда сойқан салған не?

     б) Ақын «Қыстағы қаймығы» деп нені айтып тұр?

        в) Көктемнің келу» шағалаға, тауға, гүлге қалай әсер етті?

      4. Өлеңді талдау.        

  1-топ   - Бірінші шумақты талдайды (Аспанда найзағай шатырлады. Қатты шатырлағанда мұз жарылды.  Өзенде су ақты, т.б.)

   2- топ  - Екінші шумкақты талдайды (Шағала ән салды, құстар қиқулады. Қар еріп, тау кеудесін көтерді. Гүлдер бүршік жарды, т.б.)

3- топ   Өлең бойынша сурет салады.

5. Деңгейлік тапсырмалар.

Топтағы оқушылар ауысып отырады.

Берілген деңгейлік тапсырмаларды дәптерлеріне жазады.

1-топ -«Көктем» тақырыбын ашады: шағын мәтін құрайды, тақпақ. өлең айтады.

2-топ – Көктемнің «жақсы», «жаман» жақтарын айтады. «Қыз қуу» ойыны.

3- топ оқушылар салған суреттері бойынша әңгімелейді.

6. Суретпен жұмыс (Тақтада үлкен портрет ілулі тұр)

а) Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

ә) Көктемнің қай кезі?

б) Көктемнің басында қандай өзгерістерді байқадыңдар?

IV. Қорытынды бөлім:

     «Көктем» тақырыбын қорытындылай келе оқушылар ассоциация құрастырады ( күн, күннің шуақтары, қыстан кейін көктемде қандай өзгерістер болатынын жазады).

        V. Бағалау:

   VI. Үйге тапсырма:

1.                                         «Көктем әуендері» атты өлеңді жаттайды.

2.                                         Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болатынын өз сөздерімен әңгімелеп айтады.

Форма входа
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2026  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей

Copyright MyCorp © 2026