Сабақтың тақырыбы: Домбыра – дастан.

Көрнекі құралдар: ұлттық саз аспаптардың суреттері,
«Алтын домбыраның ізімен» атты кітабы,
плакатта жазылған өнер туралы
Эпиграф: Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім.
(М. Мақатаев).
Сабақтың барысы:
I. 1) Ұйымдастыру кезеңі
II. 1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балаларды тақырыппен және сабақтың мақсатымен таныстыру.
Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай айлап қақ төріне ілген, ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі.
Қазақ музыкасының білгірі А. Жұбанов домбыра туралы былай деген: « Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көңіл- күйі.
Атақты күйшілер: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова.
Орындаушылар: Ақан сері, Біржан сал, Мұхит, Мәди, Әміре Қашаубаев.
2) «Домбыра» мәтінін мәнерлеп оқып аудару. Мәтінге арналған
тапсырма:

7. Киімді _____________
Керекті сөздер: тартады, билейді, айтады, тағады, салады, киеді, шертеді.3) Мұғалім: Халық арасына кең тараған музыкалық аспаптар, ұлттық саз аспаптары: шертер, домбыра, қылқобыз, қобыз, сыбызғы, жетіген, даңғыра, асатаяқ, сырнай,т.б.
Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, үкі тағып әшекейлеген.
Жетіген қалай пайда болғаны туралы бір аңыз бар, соны тыңдап алыңдар.
Бір кедей шалдың жеті ұлы бір жұтта бірінен соң бірі ауырып, өле берген. Әр ұлы өлген сайын аспапқа бір-бір ішек тағып, күйлер шығарған. Жеті ұлына жеті ішек тағып, ол аспапты «жетіген» деп атапты.
4) Оқушыларға суреттер көрсетіледі: Берілген суреттердің аттарын табыңдар.
III. Өзіңді тексер.
Бақылау жұмысы: Тірек сөздерді пайдаланып, мазмұндама жазыңыз.
Домбыра, өнер, қолөнер, әнші-сазгер, күй тарту, зергер, шебер, айту, аңыз.
IV. Сабақты қорыту, бағалау.
Үйге тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқу, аспаптың аттарын жатқа біліп алу.
