Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
(Ересектер тобы)
Білім беру саласы: Таным, қатынас
Бөлімі: Экология,тіл дамыту
Тақырыбы: Біз доспыз бәрімен.
Мақсаты: Табиғат пен адам арасындағы байланысты түсіндіріп қалыптастыру.
Балалардың табиғатқа деген жан дүниесін ояту.Су ,жылу туралы
білімдерін бекіту. Табиғаттың әрбір тамшысына қуанып, оны қорғай
білуге, табиғаттың барлық бөлшектерімен дос болуға баулу.
Сабақ көрнекілігі:
Құстар, аңдар, өсімдіктер, жаңбыр, тас, күннің көзінің суреті.
Күн шуағы мен жаңбырдың киімі.
|
Әрекет кезең |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: - Балалар, алақанымызды ашайық. - Күннің нұрын салайық. - Таза ауадан салайық, - Жүрек жылуын салайық - Мейірімділік шоғын салайық - Жиналған жылы шуақты - Қонақтарға шашайық!
Әңгімелесу.
Бізді қоршаған ортаны қалай атай-мыз?Адам өміріне табиғатта ең қажет не?- деп ойлайсыңдар.
Тағы кім қалай ойлайды?
-Жарайсыңдар балалр! Менде сендерге қосыламын.
|
Балалар мәтінге байланысты Қимыл-қозғалыс жасайды.
-Менің ойымша адам өміріне табиғатта ең қажет су, өйткені сусыз өмір жоқ. - Менің ойымша адам өміріне ең қажет күн шуағы,өйткені ол бізге жарық және жылу береді. - Менің ойымша адам өміріне ең қажет ол жер, егерде жер болма-са тіршілік болмайды. - Менің ойымша ең қажет ауа, өйткені ауа болмаса біз дем ала алмаймыз. - Менің ойымша ең қажет өсімдіктер мен жануарлар, себебі олар адамға тағам береді.
|
|
Ұйымдастыру іздестіру
|
Су қонаққа келеді. -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Мен жаңбырмын, сумын Табиғатқа тіршілік беретін мен боламын. Біз су туралы көп білеміз. -Балалар сендер судың қандай қасиеттерін білесіңдер? -Судың қандай пайдасы бар? Егерде жауын жаумаса, тобымыздағы гүлдер-імізді суармасақ не болар еді?
Су туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
-Рахмет сендерге балалар, мен туралы көп біледі екенсіңдер. Келіңдер, ойын ойнайық.
-Сау болыңдар балалар! Осы кезде ән ырғағымен Күн шуақ кіріп келеді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені таныдыңдар ма? Мен табиғаттың бір бөлшегі Күн шуағымын. Барлығыңмен дос болуды қалаймын. - Күн шуағы, біз сені жақсы көреміз. --Балалр сен туралы көп әңгіме біледі. -Балалар күн шуағы туралы не білесіңдер? Егерде өсімдіктерге жылу бермесе, жарық бермесе қандай жағдай болады?
-Жарайсыңдар балалар, мен туралы көп әңгіме біледі екенсіңдер! -Біз сен туралы өлең- тақпақтар білеміз.
|
Сәлеметсізбе!
Иісі жоқ, түссіз, мөлдір. Өзен, көл, мұхит сулары буға айналып, қайта жаңбыр болып жауады. Су барлық тіршілікке қажет, біз сумен гүлдерді, өсімдіктерді суарамыз. Тамақ пісіреміз, кір, қол, ыдыс жуамыз. Су анасы- бұлақ Сусыз тіршілік жоқ. Судыңда сұрауы бар
Ән ырғағымен жауын-су билеп жүреді.(Балалар қолшатырдың астына тығылады). Көңілді музыка ойнағанда жауын- су қозғалмай бір орында тұрады, ал балалар жүгіріп,секіріп ойнайды.
Сау болыңыз!
Сәлеметсізбе!
Күн шуағы көңілді, бізге жылу, жарық береді. Қараңғы болса өсіміктер өспейді, өңсіз болады, жылу бермесе өсімдік тоңып қалады, тоңса қурап, солып қалады. Айналаның бәрі көңілсіз болады.
Нұрланып күн тұрса Күллі әлем жайнайды Жер беті құлпырса Бұлбұлдар сайрайды.
|
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Рахмет сендерге көңілді балалар. Келіңдер, сендермен ойын бар. «Жылы, суық, жарық, қараңғы» Күн шуағы: Мен барлық әлемге жылулық сыйлаймын. Менің досым жаңбыр барлық әлемді сумен қамтамасыз етеді, біздің достарымыз сондықтан көп. Біз бәріне жақсылық тілейміз. Міне, біздер де, сендер де, өсімдіктер, жәндіктер, аңдар, құстар да, айналадағы қоршаған ортаға жатамыз. Біз бір- бірімізсіз өмір сүре алмаймыз.Себебі, қоршаған орта бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді.Қазір мен сендерге суреттер таратамын, сендер ненің суреті еке-нін атаңдар. Қолдарыңдағы табиғат бөлшектерімен дос болуларыңызды өтінемін. ( жануарлар адамдармен, адамдар өсімдіктермен, өсімдіктер жәндіктермен т.б)Қолымызды бір-бірімізге жақындатып көтерейік, дос болайық. Ей, адамдар! Қатыгез болмаңдар, Жан- жағыңа қараңдар, Табиғатты қорғаңдар! Сау болыңдар!
|
Аталған құбылыстарға сәйкес қимыл жасап ойын ойнайды
Балалар күн шуағының әңгімесін мұқият тыңдайды.
Балалар суреттерін атайды. Менде әдемі гүлдің суреті, менде жануарлардың суреті, ормандағы аңдардың суреті, жәндіктер, менде ағаштардың суреті, менде күн шуағының суреті, менде су,
Балалар күн шуағымен қоштасады. |
|
Рефлексті түзетушілік
Рефлексті түзетушілік
|
Не жайлы әңгімелестік? Бүгін бізге кімдер қонаққа келді? Олар қандай өтініш білдірді? Олармен қалай дос болуымыз керек? Табиғатты қалай қорғау керек?
|
Табиғат туралы. Су мен күн шуағы. Табиғатпен дос болуды ұсынды. Табиғатты аялап күту керек, бұзықтардан қорғау керек, табиғаттың берген байлығын шашпау керек. |
|
Күтілетін нәтиже: Табиғатпен дос болу Нені біледі: Судың, жылудың адам өміріне пайдасын Қандай түсініктерді игерді: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Табиғаттың
барлық бөлшектерімен дос болу |
||
