Жыл
мезгілдері.
Ерте-ерте
заманда Мезгіл атты батыр өмір сүріпті.
Ел, халық қамын ғана ойлапты. Батыр әке
ұлдары мен қызының өнерлі, данышпан
болуын арман етіпті .Бір күні төртеуін
шақырып алып:
-Қарақтарым,
батырлық бойға біткен кайрат пен елге
деген махаббаттан туады. Сендердің
бойларында екі қасиеттің екеуі де бар.
Енді төртеуің әлемнің төрт тарабына
тарап, өнер үйреніп келіңдер. Өнерлерің
тек өздерің үшін емес, халық игілініне
ассын, -деп балаларын ұзақ сапарға
шығарып салыпты.
Ай
өтіпті, ұлдары мен қызы оралмапты. Мезгіл
батыр да қартая бастапты.Ұлдарын сағынған
әке тау жотасына шығып, балаларын күтеді
екен. Бір күні үлкен ұлы Қыс оралыпты.
Кигені үлкен тұлып(тон), аяғында-пима,
басында-түлкі тымақ .
-Армысың,
әке?
-Бар
бол,ұлым.Байлықпен оралдың ба?
-Әке,түсінгендерге
өнерім байлық болар,түсінбегендерге
зәрлі болар.Әйтеүір үлкен мен кішіге
қуаныш әкелдім.
-Көрсет
онда өнеріңді!
Бүкіл
әлем ақ көрпе жамылып,айнала тамаша
құбылысқа енді.Өзен,көл бетіне айнадай
көк мұз қатты.Сараң байлар малымыз
қырылар деп қалшылдады.Бейнетқор
еңбекшілер мен диқандар нан мол болатын
болды деп,қуанышқа кенелді.Жылы киінген
бала біткен көк мұзда асыр салып,сырғанақ
тепті.Төбеден төмен қарай шанамен
зырлады.Шат қуа-
нышты
күлкі даланы кернеді .Қар атысып ойнаған
балалардың беттері қызыл алмадай
балбырап,гүл-гүл жайнады.
-Жарайсың,ұлым!Ризамын
саған!Көңілі таза жандарға қуаныш
әкеліпсің.Өнерлі бол,мәңгі тірі бол,-деп
батасын беріпті.
|