Вторник, 26.09.2017, 06:40
Приветствую Вас Заглянул | RSS

Официальный сайт СШГ№2 Xclass.tk

Меню сайта
Категории раздела
Школьная пресса [16]
Разработка учителей [64]
раздел для учителей
Мини-чат
Наш опрос
Как вам новый дизайн?
Всего ответов: 229
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Статьи и разработки

Главная » Статьи » Разработка учителей

Тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі Джакупова Зураш Жылкыбаевна
Тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі Джакупова Зураш Жылкыбаевна
 
 

Алгебра 7 сынып                            №22

 

Тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі

 

Мақсаты:

  • Бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің коэффиценті, бірмүшенің дәрежесі ұғымдарын енгізу,  оларды есептер шығаруда қолдану;
  • жеке  жұмыс  жасауға, жауапкершілікті  сезіне  білуге,  нәтижеге  

жетуге ұмтылуға,  өзінше  ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу;  

  • әр оқушының  үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп                                  орындауына жағдай жасау арқылы оның  қабілетіне сәйкес  жеке  құзыреттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

 

САБАҚ БАРЫСЫ

I.                  Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушылармен сәлемдесу;

2.Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша  тапсырмаларды орындау.

а5а6

( а5)6

- 8 · 1,25

- 2 · (-0,5)

(-1)2

(-1/2)2

(-1/3)2

(-1/2)4· 32

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық.

Анаграмма шешу: 1. ШЕБІМРҮ;  2. РЕЖӘДЕ; 3. ЦИФОНКЭФТЕ

1) m3p2) 3a2b3) 3600t4) 100n

Сұрақ:

1.     Тақтадағы  өрнектер қандай амал арқылы жазылған?

2.     Қандай көбейткіштер арқылы жазылған ?

Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерін көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.
Бірмүшелер: ab*ba;   2x³*(- 3) a²cx;    5a* y5;    - 7* 34x
Көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдана отырып 2х³(- 3) а²сх өрнегін ықшамдайық:
2х³(- 3) а²сх=2(- 3) х³а²сх=- 6а²сх^4
Бірмүшенің осындай түрін, яғни бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды.
Кез - келген мүшені стандарт түрге келтіруге болады:
Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.

Мысалы: - а→- 1 х→1 - 3х²→- 3
Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Мысалы:- 6а²сх³→дәрежесі6 - ға 7авсху→ дәрежесі 5 - ке тең
Егер бірмүшенің құрамында айнымалы болмаса, онда оның дәрежесі 0 - ге тең деп есептелінеді.
Бірмүшелерді көбейткенде және дәрежеге шығарғанда бірдей негізді дәрежелерді көбейту және дәрежені дәрежеге шығару ережелері қолданылады. Әдетте осыдан шығатын бірмүшені стандарт түрге келтіреді.
Мысалы: - 3а²в³с және 5а³вс²d бірмүшелерін көбейтейік.
- 3a²b³c*5a³bc²d=(- 3*5)*(a²a³)*(b³b)*(cc²)*d=- 15a5 b4c³d
Сонымен, бірмүшелерді көбейткенде, олардың коэффициенттері көбейтіледі. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалдырылады, сөйтіп шыққан нәтижелер бір - біріне көбейтіледі. Бірмүшелерді дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтсе, жеткілікті. Мысалы:
(2х³а²в)³=2³(х³)³(а²)³в³=8х9 а6 в3

ІV. Оқулықпен жұмыс. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріледі.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырма: тақтаға жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтыр: (интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалануға болады)

- 5x2 7yx;  a+3b3 · b2;  aabbb;  -x3; 2 ab+c-4;  (-1/4)2bab3http://festival.1september.ru/articles/514457/Image407.gif; -http://festival.1september.ru/articles/514457/Image408.gif; -http://festival.1september.ru/articles/514457/Image409.gif

 

Бірмүше

Бірмүшенің

стандарт түрі

Бірмүшенің

коэффициенті

Бірмүшенің

дәрежесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есептер шығару:

а)№88( ауызша)

б) №89 (2,4,6) тақтаға шығарылады.

в) №90(1,4,7)  (өз беттерімен орындайды. жұптық тексеру)

1. Бірмүшені стандарт түрде жазыңдар:

а) 16xy(-0,25)y3б) -0,5ac2(-2)a3cв) 3/4 · a2b · 4a3b2m · (-0,25abm3)

2. Өрнектің сан мәнін табыңдар:а) 3,5x2егер x = -1б) -0,02aca2егер a= -1, c= 5

VIII. Сабақты қорытындылау.

Сәйкестендіру кестесі(2оқушы тақтаға шығып орындайды)

1 оқушы                                                                 2 оқушы

  1. 4a²·3ab              24a⁴b²                                     1)5a³·2a²b                -32x³y³
  2. -7xy²·3x             12a³b                                       2)-8x²y³·4x                18a⁶b²
  3. 8a³b·3ab            (-21x²y²)                                  3)9a⁴b²·2a²               10a⁵b

ІХ. Үйге тапсырма№89(1,3,5)

Х. Бағалау

Категория: Разработка учителей | Добавил: Paganel (04.03.2016)
Просмотров: 382 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск

Copyright MyCorp © 2017