Вторник, 26.09.2017, 06:38
Приветствую Вас Заглянул | RSS

Официальный сайт СШГ№2 Xclass.tk

Меню сайта
Категории раздела
Школьная пресса [16]
Разработка учителей [64]
раздел для учителей
Мини-чат
Наш опрос
Как вам новый дизайн?
Всего ответов: 229
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Статьи и разработки

Главная » Статьи » Разработка учителей

«Үй құстарына жем береміз» Қорытынды сабақ «Айгөлек» I – ші сәбилер тобы тәрбиеші: Рахимжанова Г.Е.

«Үй құстарына жем береміз»

Қорытынды сабақ

«Айгөлек» I – ші сәбилер тобы тәрбиеші: Рахимжанова Г.Е.

Білім беру саласы: «Қатынас»

 

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «Үй құстарына жем береміз»

Мақсаты: Үй құстары және олардың пайдасы туралы түсінік беру; сурет бойынша әңгіме құрату арқылы уызекі сөйлеулерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; балаларды құстраға қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ – жауап, қайталату, ойын.

 

Көрнекіліктер: қыз баланың тауықтарға жем беріп жатқан суреті, ойыншықтар.

 

Сөздік жұмыс: үй құстары.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Шаттық шеңбері.
  • Қане,балалар, дөңгеленіп тұрайық та бәріміз қосылып, «Алақан соқ, соқ !» әнін айтайық.
  • Жарайсыңдар, балалар, ал енді орнымызға барып отырайық.
  1. С.Бегалиевтің «Қазым, қазым, қаңқылда!» өлеңін беру.
  • Балалар, қазір мен сендерге олең оқып берейін, ал сендер орындықта түзу отырып, мұқият тыңдаңдар.

         - Қазым, қазым, қанқылда!

Суда жүзіп салқында.

Жем шашайын, жейсің бе?

«Кәмпит берші» дейсің бе?

  • Жоқ, жоқ.

Кәмпит тәтті, болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

 

Өлеңді қайталату, мазмұнына сай қимыл – қозғалыс жасату.

  • Балалар, айтыңдаршы, олеңде қандай құс туралы айтылған? Дұрыс, қаз туралы.
  • Қаз қайда тұрады?
  • Ол қандай құс? Үй құсы.
  • Тағы қандай үй құстарын білесіңдер? Тауық, әтеш, үйрек.
  • Дұрыс айтасыңдар, бұлар үй құстары.
  1. Сөздік жұмыс.

«Үй құстары» сөз тіркесін қайталату.

  1. Сергіту сәті.

«Шөжелерім» әніне би қимыл – қозғалыстарын жасау.

  1. Суретпен жұмыс.
  • Балалар, қане мына суретке қарап, әңгімелейік.
  • Суретте кімді көріп отырсыңдар? Мынау кім?
  • Оның аты қалай? Қане оған ат қаяйық.
  • Ол не істеп жүр? Жемді қалай шашып тұр, қане көрсетейікші.
  • Ал енді әңгімемізді тағы бір қайталайық. Мынау – қыз. Оның аты – Әсем. Әсем тауықтарға жем шашып тұр.
  • Өте жақсы, тамаша! Балалар, ал сендерүй құстарына жем шашқыларың келе ме? Ендеше орнымыздан тұрып Гүлнар апайға қонаққа барайық. Гүлнар апай анау үйде тұрады.
  • Міне келдік, енді есігін қағайын.

 

Апай шығып балалармен амандасады. Өзінің құстарын көрсетіп, таныстырады.

 

  • Мынау тауық. Ол «қыт –қыт» дейді. Қане қайталандаршы.
  • Мынау қаз. Ол «қаңқ - қаңқ» дейді.
  • Мынау үйрек. Ол «кря – кря» дейді.
  • Ал мынау әтеш. Ол «ку-ку-ре-ку» дейді.

 

Балалар құстардың дыбысын келтіріп дыбыстайды.

 

  • Құстар осылайша қарнымыз ашты, бізге жем бер дейді. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Мына шелекте құстардың жемі бар, келіңдер оны құстарға шашайық.

 

Гүлнар апай:

               

  • Балалар, сендер маған көмектестіңдер. Рахмет.
  • Ал енді бір ойын ойнап алайық.
  1. Қимылды ойын «Күн және жаңбыр»
  2. Сабақты қорытындылау.
  • Балалар, біз бүгін үй құстары туралы әңгімелестік, қане оларды атайықшы. Қаз, үйрек, тауық, әтеш.
  • Олар қандай құстар? Үй құстары.
  • Үй құстарына қалай қамқорлық жасадық (жем шаштық)
  • Жемді қалай шашқанымызды ата-анамызға көрсету үшін столдарға жақыдайық та, фломастермен қағазға шашылған жемді салайық. Міне былай.

Енді жұмыстарымызды апарып көрмеге қояй

Категория: Разработка учителей | Добавил: Paganel (24.05.2016)
Просмотров: 521 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск

Copyright MyCorp © 2017